Қазақстанда «Сәтті Жұлдыз» лотерея билетін сатып алып, ақшалай ұтыс, пәтер немесе автокөлік ұтып алу бағын сынап көруге болады. Ал лотерея ойнайтын қазақстандықтар отандық спорттың дамуына үлес қосып, көмекке зәру жандарға қол ұшын созысады.
Неге десеңіз, «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес, лотерея операторы түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың 10 пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға міндетті. Осы уақытқа дейін ұлттық лотерея әлеуметтік міндеттемесі асында жалпы сомасы 7,1 млрд теңге аударды.
Биылдан бастап лотерея операторын табысының тағы 10 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жарна ретінде жіберуге міндеттейтін заң нормасы күшіне енді. Бірақ бұл талап күшіне енбей тұрғанда, 2022 жылы «Сәтті Жұлдыз» бұл қорға өз еркімен 101 млн теңге аударған болатын. Биыл жыл басынан бері лотерея операторы «Қазақстан халқына» қорына 1,2 млрд теңге аударды.
«Сәтті Жұлдыздың» қайырымдылық жобалары
Ұлттық лотерея операторы Qazaqstan Barysy, Qazaqsha kures, Жекпе-жек өнер түрлерінің қауымдастығы сияқты жарыстар мен ұйымдарға белсенді қолдау көрсетеді. Биыл маусымда Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam әлем турнирі өтті. Әлемдік және олимпиадалық рейтингке кіретін бұл беделді жарысқа Қазақстанның танымал спортшыларымен қатар, болашағынан үміт күттіретін отандық жас спротшылар да қатысты. Бұл турнирге әлемнің 45 елінен 400-ден астам спортшы келді.
Биыл Қазақстанның лотереясы ауылды жерлерде интеллектуалды ойындарды дамытуды ынталандыратын «Интеллектуалды сынып конструкторы» деген әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті. Жоба аясында құрылған шахмат пен тоғызқұмалақ ойнауға арналған кабинеттер балалардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің танымы мен ой-өрісін кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл жобаны қазақстандық танымал спортшы, Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цырульников әзірлеген.
Жоба аясында әр облыста 10-15 кабинет ашып, шамамен 400-500 бала мен 200-300 ауыл тұрғындарын қамту жоспарланған. Ойындарды апта бойы балалар мен жасөспірімдер, демалыс күндері ересек тұрғындар да ойнай алады. Ауыл халқы үшін көңілді уақыт өткізудің осындай қосымша мүмкіндігі артық ептейді.
Цырульниковтың ұлттық лотерея тарапынан қолдау тапқан тағы бір бастамасы – «100 ауыл» деген жоба. Бұл жобаның барысында ауыл жастарымен тәрбие жұмысын, мастер-класстар, ашық жаттығулар, мотивациялық кездесулер өткізу және ауыл мектептерін спорттық құралдармен жабдықтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп түлектерін қолдауға бағытталған білім беру бағдарламаларын жүргізуде. Бұған дейін хабарланғандай, техникалық мамандықтар бойынша студенттерден грантқа өтініш қабылдау басталды. Толық ақпарат мына жерде.
«Сәтті Жұлдыз» «Жаңа өмір» атты жобасы аясында ойынқұмарлықтан зардап шегетін адамдарға көмектесу мақсатымен тегін семинар мен лекциялар өткізеді. Мамандар жыл бойы еліміздің түрлі қалаларында ойынға салынғандар мен олардың отбасы мүшелеріне құмар ойынның көмегімен байып кету мүмкін еместігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, құмар ойынға тәуелділіктің қалыптасуы, тәуелді болып қалған жандарға психологиялық қолдау туралы лекциялар ұйымдастырылады. Семинар туралы біліп, оған жазылу үшін мына телефонға хабарласуға болады: +7 771 361 30 40.
«Сәтті Жұлдыздың» енді бір әлеуметтік жобасы Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясымен бірлесе қолға алынды.
«Сұлу – бақытты балалық мекені» жобасы ауылдардағы 6 жастан 10 жасқа дейінгі қыз балаларға спорттың ең кербез түрі – эстетикалық топтық гимнастикамен айналысу мүмкіндігін береді, сонымен бірге тренер-мұғалімдерді дайындайды. Жоба еліміздің үш өңірінде 960-тан астам қыз баланы және кемінде 12 тренерді қамтитын болады. Оның аясында топтар арнайы төсеніштермен, музыкалық жабдықтармен және спорттық киіммен қамтамасыз етіледі. Тренерлер қадам-қадам әдісімен үйретіледі, олардың білім сапасы да тексерілетін болады.
«Сәтті Жұлдыз» әлеуметтік маңызы бар жобаларын жүргізумен қатар, тағы бірқатар жаңа жобаларды қолдауға кіріспек:
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…