Categories: Оқиға

LRT-ның қаражатын жымқырғандарға сот үкімі шықты

Астанада сот LRT жеңіл рельсті жер үсті көлігін салу кезінде жымқыру туралы істің тоғыз қатысушысына үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy kz.

Сот шешімімен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан да жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, Сұлтанбеков пен Ардан халықаралық іздеуде. Олар сырттай сотқа тартылды.

Ардан мен Сұлтанбековке қатысты үкім сырттай шығарылды, өйткені олар Қазақстаннан тыс жерде және Сотқа келуден жалтарды,

деді судья Виктория Семенова.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рашид Аманжолов жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Астана мәслихатының бұрынғы депутаты және хатшысы Жанат Нұрпейісовке сот жеті жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

«Astana Innovations» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Әшім шартты мерзімге жеті жылға сотталды. Оған үш жылға пробациялық бақылау тағайындалды.

«Астана LRT» компаниясымен жұмыс істеген кәсіпорын қызметкерлеріне сот келесі мерзімдерді тағайындады:

Сот Ұлықбек Ачиловты сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырғаны және қылмыстық іске қатысқаны үшін кінәлі деп тапты. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен жеті жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды.

Дәурен Әбдіхамитов – жеті жыл бас бостандығынан айыру.

Тимур Қасабаев – үш жыл мерзімге пробациялық бақылаумен шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру.

Дулат Мұсенов – үш жыл мерзімге пробациялық бақылаумен шартты түрде жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago