Қоғам

Құлсарыда азық-түлікке таласқан әйелдердің ісі сотта қаралды

Атырау облысының Құлсары қаласында азық-түлікке таласқан әйелдердің ісі сотта қаралды.

Жылыой аудандық сотының мәліметінше, жанжал мамыр айында Құлсары қаласындағы «Нақыш» ғимаратында болған, деп жазады Қазақпарат

Гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген азық-түлікке таласқан екі әйел Т. мен Д. өзара келісе алмай қалған. Сол кезде Д. жәбірленуші Т.-ны итеріп құлатқан. Соның нәтижесінде жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Бұл іс ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен (Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қаралды,

деп хабарлады аудандық сот.

Құқық бұзушы Д.-ның кінәсі сот-медициналық сараптама қорытындысымен, бейне-дыбыс жазбасымен, арызбен, түсініктемелермен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен толықтай дәлелденіп отыр. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Т.-ның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келгені анықталған.

Д.-ның кінәсін жеңілдететін мән-жай ретінде оның бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмағаны, 14 жасар баласының бары ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот Д.-ның жеке басын, құқық бұзушылықтың сипатын, жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 829-11-бабының 2-бөлігімен 38 мың 766 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды,

деп мәлім етті аудандық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago