Ұлтаралық алауыздық туғызатын 200-ден астам материал интернеттен өшірілді

Интернет-ресурс иелерінің атына 231 ескерту хаты жіберіліп, 11 ұйғарым шығарылды.

Заңнама талаптарының сақталуын бақылау аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сепаратистік және ұлтаралық алауыздықты туғызатын сөздер мен жарияланымдарды анықтау және бұғаттау тұрғысында БАҚ, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізді.

Анықталған фактілер бойынша интернет-ресурс иелерінің атына 231 ескерту хаты жіберілді, 11 ұйғарым шығарылды. Интернет-ресурстардың иелері 200-ден астам заңсыз материалды өз бетінше алып тастады,

деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаттары сауалда ақпараттық қауіпсіздікті қатаң бақылап, яғни, әлеуметтік желілерге, келушілердің чаттарына контент сараптама (Facebook, Tik-Tok, Telegram, Instagram, Vkontakte және басқа) мен мониторинг жүргізуды ұсынған болатын.

Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін және мемлекетіміздің жер тұтастығына, тәуелсіздігімізге күмән келтіретін жазба авторларын ерекше қадағалауға алып, ондай іріткі салушыларды қатаң жауапкершілікке тартып, елден шұғыл аластау қажет деп санайтынын білдірген еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago