Ғылым

Құлтемір адамдардың өмірін жеңілдетіп келеді

Әлем ғалымдары жасанды интеллекттің көмегімен ерекше қондырғыларды жасап, жарысып жатыр. Мәселен, Қытайда жүргізушінің басқаруынсыз жүк таситын көлік жасап шығарылды. Ал Берлиндегі көрмеде бау-бақшаны арамшөптен тазалайтын қондырғы көрсетілді, деп хабарлайды Хабар 24.

Жүк таситын көлік. Бұл жүргізушісіз жүк таситын шағын көлікті Нанкин универсиетінің ғалымдары жасап шығарды. Ол жасанды интеллект және 5G байланысының көмегімен жүреді. Ал оның ішіндегі сезгіш құрылғы алдындағы жолаушыларды анықтап, кедергілерді айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұл көліктердің тағы бір ерекшелігі, адамдардың бет-әлпетін ажырата алады. Қазір университет кампусында 6 көлік қолданылады. Олар жүк тасумен бірге түнгі уақытта студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен де айналысады.  

Зағип жандардың көмекшісі.  Роботтар келешекте зағип болған жандардың төртаяқты достарын ауыстырып, сенімді жол көрсеткіштеріне айналуы мүмкін. Швейцариялық ғалымдар осындай құлтемір ойлап тапты. Ол көзі көрмейтін адамға арнайы бағдарламаның көмегімен көмектеседі. Робот кәдімгі ит сияқты айтылған бұйрықты бұлжылтпай орындайды. Бұл үшін мәліметтерді қашықтан жинайтын аппарат пен камера орнатылған. Оған мекеннің картасы мен ең тимді жолдарды дайындап, енгізуге де болады.  

Бақшаны арамшөптен тазалайтын құлтемір.  Ал Германияда бау-бақшаны қарап күтетін шағын робот жасалды. Нақтырақ айтқанда, жасанды интеллектпен жұмыс істейтін шағын аппарат бақты арамшөптерден тазалауға бейімделген. Құлтемір өзіндегі құтыдан оларға қарсы дәрі себе алады. Робот гүлдерді арамшөппен шатастырып алмау үшін оның жадына 200 мыңнан аса өсімдіктің суреті енгізілген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago