Оқиға

«Өлтірем, шайтан!». Дикий Арман сотта судьяны қорқытты

Қаңтар оқиғасына қатысты қамауға алынған Арман Жұмагелдиевтің (Дикий Арман) сот отырысы кезінде судьяны балағаттап, қорқытқан видеосы таралып жатыр.

Бұл туралы El.kz хабарлады.

Сен заң бойынша сөйле, мен өз дінім үшін өлтіремін және өзім де өлемін,

дейді видеодағы Жұмагелдиев.

Ол кез келген адамды өлтіруден тайынбайтынын айтқан.

Кімде-кім менің дініме қол тигізсе… Мен дінім үшін кез келген адамды өлтіремін. Менің дініме ешқашан қол тигізбе. Дінім үшін өлемін де, өлтіремін де. Мені түсінесің бе, шайтан?!

деп айғайлайды Арман Жұмагелдиев.

Айта кетейік, «Дикий Арман» 2022 жылғы 7 қаңтарда ұсталған. Ол қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды. Бас прокуратура оны сол оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін хабарлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды. Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Дикий Арманның ісіне куәгер ретінде шақырылған еді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago