Ұлттық банк қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

Ұлттық банк пен ҰБ Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы (ТҚТДО) Цифрлық теңге жобасына инвестиция салуға жарнамалайтын сайттардың пайда болғанын ескертеді, деп хабарлады Halyq Uni.

Жоба адамнан инвестиция құюды талап етпейді. Ол төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды көздейді.

Қазір цифрлық теңге әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінен өтіп жатыр. Жоспар бойынша ұлттық цифрлық валютаны енгізуге қатысты түпкілікті шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады.

Ұлттық банк тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Қазақстандықтардың жеке деректері мен қаражатын ұрлау үшін алаяқтар Цифрлық теңге жобасы бойынша жалған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашып жатыр. Ұлттық банк мұндай интернет-ресурстарға сенбеуге әрі жеке және байланыс деректері көрсетілген кез келген бланкті толтырмауға шақырады. Егер жеке деректерді жіберіп қойсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек,

деп жазылған хабарламада.

Цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат төмендегі сілтемеде көрсетілген:

  • nationalbank.kz – Ұлттық банк сайты;
  • payfintech.kz – ТҚТДО сайты;

Басқа сайттардың, оның ішінде .kz домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ;

Басқа ақпаратты Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығынан алуға болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago