Қазақстанда жаңа монеталар сатылымға шықты

2022 жылғы 27 шілдеде «ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» және «QULAN» коллекциялық монеталары сатылымға шығады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

27 шілдеден бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» атты монеталар сериясынан «ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» коллекциялық монеталарын сатып алуға болады.

«ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» монеталарының сипаттамасы:

2021 жылы КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Монета осы атаулы датаға орай шығарылды.

Фото: Nationalbank.kz

Монета номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған. Монета аверсінің орталық бөлігінде Мемлекеттік елтаңба бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу монета жиегінде айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін
«100 TEŃGE» жазуы бар.

Монета реверсінде Роза Бағланованың суреті салынған. Портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін «100 JYL» деген жазу бар. Монета жиегінде «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, «ROZA BAǴLANOVA» деген жазулар айналдыра басылған. Сол жағында – монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазу бар.

МН25 қоспасынан жасалған монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – «brilliant uncirculated», таралымы – 15 000 дана.

Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.

Монета коллекциялық құны тұрғысынан сатуға арналған. Олар белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, Қазақстан Республикасының барлық банкінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылданады.

«QULAN» монеталарының сипаттамасы:

Құлан – жылқы тұқымдас, сирек кездесетін жануар. Латынша атауы – «EQUUS HEMIONUS». Оған алғаш рет 1775 жылы сипаттама берілген. Қазақстанда құлан Үстірт пен Маңғышылақта кездескенімен, өткен ғасырдың 30-жылдары жоғалып кеткен. 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына түркімен құландары әкелінді. 1982 жылдан бастап оларды Алтын Емел, Бетпақдала ұлттық саябағында және солтүстік Ақтауда жерсіндіру жұмыстары басталды.

Мельхиордан жасалған номиналы 200 теңгелік монеталардың бейнесі
Мельхиордан жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі
Нейзильберден жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі

Мельхиор мен нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың аверсі мен реверсіндегі бейнелер бірдей.

Монета аверсінің оң бөлігінде аңдар мен өсімдіктерден коллаж, оң жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, сол жағында Ұлттық банктің тауар белгісі (логотипі) бейнеленген және соғылған жылын білдіретін «2021» деген жазу бар. «Рrооf-like» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан дайындалған монетада «200 TEŃGE» номиналы, «brilliant uncirculated» дайындау сапасымен мельхиор қоспасынан және нейзильбер қоспасынан дайындалған монетада «100 TEŃGE» жазуы басылған. «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI» және «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазулар монета жиегіне айналдыра берілген.

Монета реверсінде дала ландшафты аясында құландардың бейнесі бейнеленген, монетаның жоғарғы бөлігінде «EQUUS HEMIONUS» (түрінің латынша аты), төменгі бөлігінде «QULAN» жазуы бар.

Монеталар:

— МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 200 теңгелік монетаның массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, алтын жалатылған, сапасы – «рrооf-like», таралымы – 10 000 дана;

— МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы –
15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – «brilliant uncirculated», таралымы – 10 000 дана;

— МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан жасалған номиналы 100 теңгелік монетаның массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – «uncirculated», таралымы – 100 000 (бір жүз мың) дана.

Монеталарды www.kazcoins.nationalbank.kz платформасындағы Ұлттық банк интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago