Фото: Ақорда
Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Атап айтқанда, Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Осы орайда Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді.
Конституцияның 44-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының қарауына Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынады. Ол төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық бағытын басқарып, ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Кезінді Ұлттық экономика министрлігін басқарды, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды. Ұлттық холдингтерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Тимур Мұратұлы қаржы және экономикалық бағыттарда, оның ішінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сондықтан қаржылық реттеушінің қызметін, оның міндеттері мен сын-қатерлерді анық біледі. Оның жеке қасиеттері мен құзыреттілігі Мемлекет басшысы қойып отырған мақсаттарға қол жеткізуге және Ұлттық банктің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді деп сенімдіміз. Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын қолдауды сұраймыз,
деді Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов.
Сенат отырысы барасында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…