Categories: Саясат

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Үкіметтің қаулысымен Бауыржан Әлібекұлы Құдайбергенов Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бауыржан Құдайбергенов 1988 жылы дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Манчестер университетін, (Ұлыбритания) және Назарбаев университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Талдау және ақпараттандыру бөлімінің инспекторы болып бастады.

2012-2017 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құрылымында сарапшы-аудитор, бас сарапшы-мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінде, ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2022 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Премьер-министрдің кеңесшісі болды.

«Болашақ» стипендиясының иегері, 2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago