Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті.

Аталған жиында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси ахуал туралы пікір білдірді.

Біз күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, сындарлы дипломатияның арқасында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанның шекарасы заң жүзінде бекітіліп, делимитация жасалды. Жалпы, осы Ақтауда еліміздің шекара мәселесінің ең соңғы түйіні шешілді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция осында қабылданды. Біз көрші елдердің бәрімен достық қарым-қатынасты сақтап келеміз. Басқа мемлекеттерден бір ерекшелігіміз – осы. Ал, посткеңестік елдердің басым көпшілігінде түрлі дау-дамайлар мен келіспеушіліктер бар. Тіпті, ең жақын көрші елдердің шекарасында соғыс, қарулы қақтығыс болып жатыр,

деді президент.

Ел басшысы кибершабуылдар мен жалған ақпарат таратып жүргендер туралы да айтты.

Соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастады. Мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды. Біз бұған жол бермейміз, жалған ақпараттың таратылуына тыйым саламыз. Біз қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз. Мен бұған дейін «Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз» деген едім. Бұл қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да айрықша әсер етеді. Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды,

деді Тоқаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago