Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Ресей мен Украина соғысы адамдардың қазақ тілі мен мәдениетін меңгеруге деген құштарлығын оятты.
Тәлімнің бәрі отбасынан басталады. Үй толы қазақтар бір-бірімен орыс тілінде сөйлессек, ата-әжесі тілі келмей жатса да олармен өзге тілде шүлдірлесе осындай ортада өскен балаға әрине ана тілінің қажеттілігі жоқ.
Өкінішке орай…
Қазақша онша сөйлей алмаймын. Нашар десем де болады. Қарапайым сөздерді түсініп, өте оңай тұрмыстық нәрсені айта аламын. Ана тілін білуім осыдан аспайды, деп бастады әңгімесін заңгер әрі блогер Ержан Есімханов.
Неліктен солай болғаны түсінікті. Жоқ, мәселе менің орыс тілді ортада өскенімде емес. Мен бала емеспін, есейген кезде-ақ тілді меңгеріп алуыма болар еді. Мәселе тіл үйренудің қиындығында да емес, қазір курстар, мұғалімдер, оқулықтар жетеді. Осыған байланысты жағдай соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Қате сөйлесем, біреу мазақтайды деп қорыққанымда да тұрған дәнеңе жоқ. Дені сау адам күлмейді, ал ақымақтың сөзіне мән бермеймін.
Маған кешіріммен қараудың жөні жоқ, мұның себебі тым қарапайым.
Жай ғана қазақ тілі маған керек болмады.
Мансап, табысты бизнес, басқа да маңызды нәрсенің тілге еш қатысы болмады. Жұмыс істеу үшін маған ағылшын тілі керек болды, жап-жақсы сөйлеуді үйрендім. Қазақ тіліне мұндай қажеттілік болған жоқ. Кітап оқып, кино көру үшін қазақ тілінің қажеті шамалы еді, қай кезде де орыс және ағылшын тілінде контент жетіп артылды, не қажеттінің бәрін алуға болады. Міне, бар гәп осында. Қажет болмаса, өзіңізді соған мәжбүрлеу сирек кездеседі ғой.
Сонымен, ең қызығы мынау. Жағдай өзгерді. Күн өткен сайын қазақ тілінің керек екенін түсініп келемін. Тіпті, ауадай қажет сияқты. Қазақша жазуды, сөйлеуді бастап, тілді үйрену керектігін түсінемін. Қазір соған кірістім.
Бұл өзгерістің қарапайым бір ғана себебі бар – соғыс. Ресейдің Украинаға жасаған басқыншылығы қазақ тілінің дамуына оң септігін тигізді. Яғни, базбіреулер жақсы көретіндей орыс ұлтынан, орыс тілінен, мәдениеттен бас тарту емес. Орыс мәдениеті әрқашан жеке мәдениетімнің ажырамас бөлігі, бұл енді ешқашан өзгермейді.
Әңгіме басқада.
Соңғы жылдары біз Ресей мәдениетімен біте қайнастық. Елімізде орыстың арналары емін-еркін көрсетіліп, әні шырқалды. Өзіміз де орыстардың шоуларын тамашалауға құштар болдық. Ресей кітаптарын, сайттарын оқыдық. Біздің талантты жігіттер әлдебір жетістікке жету үшін Ресейге кетті. Бұл ресми, бейресми, үгіт-насихат, либералды, күрделі, қарапайым, ақылды және ақымақ сынды әртүрлі ақпараттық кеңістік еді. Ең бастысы, мұның бәрі орыс тілінде болды, ал біз Қазақстанда соның бәрін тұтындық. Таңдау көп болғасын әркім өзіне ұнайтынын таңдады.
Енді, соғыс басталғалы бұл таңдаудың қажеті болмай қалды. Таңдағымыз келмейді. Ресейлік БАҚ мүлдем есінен ауысты. Өздерінің не былықтырғанын түсінумен әлек. Тіпті соғысқа қатысы жоқ заттарға да бұрынғыдай қарай алмай қалдық. Себебі шындығында бәрі көзбояушылық. Бұрынғыдай өмір сүреміз деп ойлаудың өзі ұят.
Соғыс басталғалы орыс тілді кеңістікке басымен кіргендердің өзі де бір қарапайым нәрсені жақсы түсінді. МҰНЫҢ БӘРІ БІЗГЕ ҚАТЫСТЫ ЕМЕС. Бұл енді біздікі емес. Мұның енді бізге қатысы жоқ. Біз мүлде басқа елде және басқа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Бұл қоғамның өз тілі – қазақ тілі бар.
Соғыс – орыс тіліне деген қызығушылықты жойды. Енді көршінің тілі бұрынғыдай жақсылықтың, болашақтың символы емес. Ресейдің көлеңкесінде ұзақ уақыт бойы келе жатқан көршілес елдер де соны түсініп, біртіндеп алшақтай бастады.
Енді мұқият қарап отырсам, қазақ қоғамы әлдеқашан алға жылжыған екен. Өзіміздің киномыз, музыкамыз, тарихымыз бар. Заманауи қазақтың бейнесі қалыптасқан. Көретін, оқитын дүниелер де жетерлік.
Қазір осы қоғамның бір бөлігіне айналғың келеді. Себебі ол – сенікі.
Қазір алдыма қойған мақсатымның бірі – қазақ тілін меңгеру. Ойлай білу, өз тілімде жаза білу. Ерте ме, кеш пе мен бұған қол жеткіземін. Мен жалғыз емеспін.
Қазіргі қазақ тілі енді Қазақстанның болашағы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…