Қоғам

«Ұлттық қор – балаларға»: Делдал қызметін ұсынатын алаяқтар пайда болды

Кей қазақстандықтарға баланы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатыстыру мақсатында оның жеке деректерін базаға «енгізу» қызметі ұсынылуы мүмкін. Әлбетте, аталған қызмет тегін емес. Шындығында бұл алаяқтардың әрекеті.

2024 жылдан бастап Қазақстандағы әр бала Ұлттық қордың инвестициялық кірісі есебінен төлем ала бастайды. Бала 18 жасқа толғанға дейін қаражат жыл сайын оның арнайы шотына аударылып отырады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өкілдерінің хабарлауынша, алайда қазірдің өзінде әлеуметтік желі мен мессенджерлерде кәмелетке толмаған балалардың дерегін ақылы түрде мемлекеттік базаға енгізу қызметін ұсынатын «көмекшілер» пайда бола бастаған, деп жазды Астана телеарнасы.

Шынтуайтында, бұл – алаяқтар.

Жүйе негізінен автоматты түрде жұмыс істейді, ал деректер базасы қазақстандықтар өтініш бермей-ақ өздігінен жасақталады. Бастысы «Электрондық үкімет» порталындағы жеке кабинетіңізден балаңыз туралы деректердің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар болуын және олардың дұрыстығын тексеру керек.

Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізе аласыз. Ол үшін қандай да бір құжат жинап, шот ашып немесе белгілі бір ведомствоға барып керек емес.

Қорыта айтқанда, БЖЗҚ өкілдері делдалдық қызмет көрсету туралы жарнамаларға сенбеуге шақырады. Себебі алаяқтар балалардың деректерін жеке бас пайдасы үшін пайдалануы әбден мүмкін. 

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago