Categories: Экономика

Ұлттық қорда қанша қаржы бар?

Ұлттық қордағы валюталық активтер қаңтарда 57,6 млрд долларға жетті.

Ұлттық банк дерегінше, Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 1,9 млрд АҚШ долларына ұлғайып, қаңтардың аяғында 57,6 млрд долларды құрады.

Әлемдегі қор нарықтары 2023 жылды оптимизммен бастады. Нәтижесінде тәуекел-дәрежесінің артуы акциялар мен облигациялардың өсуіне, сондай-ақ алтын бағасының айтарлықтай ұлғаюына әсер етті. Нәтижесінде Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтарда 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Активтердің өсуіне ықпал еткен қосымша фактор – Ұлттық қорға түскен түсімдер саналады. Мәселен, қаңтарда қорға түскен валюталық түсімдер 329 млн АҚШ долларын көрсетті. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 235 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта ішкі валюта нарығында 228 млн АҚШ доллары сатылды. Трансферт үшін қаражаттың негізгі бөлігі қорға теңгелік түсімдер есебінен бөлінді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago