Categories: Экономика

Ұлттық қордың көлемі соңғы үш айда 1 триллион теңгеге азайған

Қаржы министрлігі Ұлттық қордың түсімдері мен шығыстары туралы 1 сәуірдегі есебін жариялады. 

Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық қорда 29,1 трлн теңгеден астам (29 176 508 444 000) қаражат болған.

Ал 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 29,3 трлн теңгеге (29 391 788 468 000) жеткен.

Үш айдың ішінде Ұлттық қорға 1,1 трлн теңгеден астам (1 199 306 040 000) кіріс түскен.

Оның ішінде мұнай секторындағы ұйымдардан тікелей Ұлттық қорға аударылатын салықтан 1 197 058 132 000 теңге түскен.

Ал мұнай секторындағы ұйымдарға салынатын айыппұлдар мен өсімпұлдардан, мұнай өндірісінен табиғатқа келетін зиян үшін төленетін алымдардан жалпы жиыны 800 млн теңгеден астам (800 068 000) ақша түскен.

Сондай-ақ;

— республикалық меншікті жекешелендіруден 219 895 000 теңге;

— ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан 7 945 000 теңге;

— Қазақстан заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістерден 1 220 000 000 теңге түскен.

Жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қордың 984 млрд теңгеден сәл асатын (984 026 016 000) қаражаты пайдаланылған.

Бұл қаражаттың 621 млрд теңгесі — кепілдік берілген трансферттерге, 360 млрд 620 млн теңгесі — мақсатты трансферттерге, 2,4 млрд теңгеден астам (2 406 016 000) қаражаты — Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago