Фото: tengrinews.kz
Бүгін — Абай күні. 2020 жылдан бері Қазақстанда 10 тамыз — Абай Құнанбайұлының құрметіне мерекелік дата ретінде аталып өтеді.
2. Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды. 16 жасында әке атанды.
3. Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.
4. Осы бес шумақ өлеңін Абай кіші жары Әйгерімге арнаған:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
5. Ділдә (бәйбіше) Әйгерімнің атын еш атамай тек «тоқал» деп өтіпті.
6. Бекей қызының азан шақырып қойған аты – Шүкіман (Шүкір-аман тіркесінің қысқа түрі) еді, Абай оның сұлулығына бола, Әйгерім атандырады.
7. «Абай жолында» Абай және Әйгерім мөлдір махаббат иелері. Өмірде де берекелі, бақытты ғұмыр кешті. Бірақ ондаған жылдар өткенде араларына қамырық пен түсінбеушілік араласқаны өтірік емес. Неге? Себебі, өмірдегі Әйгерім – алабөтен малсақ адам болған, ал Абай «Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын» деп өзі айтқандай, дүниені қуудан бас тартқан.
8. Абайдың бейнесі сақталып қалған екі фотосурет қана бар:
Біріншісі, 1896 жылы Ділдәдан туған тұңғыш ұлы Ақылбай, Әйгерімнен туған Тұрағұлмен түскен фотосурет.
Екіншісі, 1903 жылы киіз үйде түсірілген. Фотосуретте Абай, ұлдары Мағауия мен Тұрағұл, немерелері Пәкизат, Әубәкір, келіні Кәмәлия (Әубәкірдің әйелі) және әйелі Еркежан бейнеленген.
9. Абай көзі тірісінде 170 жуық өлең жазған. Ең танымалы – 9 жыл бойы жазған «Қара сөздері». «Ескендір», «Масғұт» және «Әзім әңгімесі» поэмаларын жазып қалдырған. М. Лермонтовтың өлеңдерін, А.С. Пушкиннің дастандарын және И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды.
10. Абайдың көзі тірі кезінде салынған портреті. Портреттің авторы Семейге саяси қуғынға айдалған Павел Дмитриевич Лобановский.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…