Categories: Руханият

Ұлы Абай жайында қызықты 10 дерек

Бүгін — Абай күні. 2020 жылдан бері Қазақстанда 10 тамыз — Абай Құнанбайұлының құрметіне мерекелік дата ретінде аталып өтеді.

  1. Ақынның шығармашылықпен еркін араласуы 1860 жылдар болды. Абай алғашқы өлеңдерін Көкбайдың атынан жариялаған. Бір деректерде Абай Көкбайдан өз өлеңін бір қараға сатып алғаны айтылады. Тек 1886 жылы «Жаз» деген өлеңінен бастап өз атын қоя бастайды.

2. Абай Құнанбайұлы 1860 жылы Ділдәмен отау құрған. Ол кезде Абай 15 жаста болды. 16 жасында әке атанды.

3. Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.

4. Осы бес шумақ өлеңін Абай кіші жары Әйгерімге арнаған: 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

5. Ділдә (бәйбіше) Әйгерімнің атын еш атамай тек «тоқал» деп өтіпті.

6. Бекей қызының азан шақырып қойған аты – Шүкіман (Шүкір-аман тіркесінің қысқа түрі) еді, Абай оның сұлулығына бола, Әйгерім атандырады.

7. «Абай жолында» Абай және Әйгерім мөлдір махаббат иелері. Өмірде де берекелі, бақытты ғұмыр кешті. Бірақ ондаған жылдар өткенде араларына қамырық пен түсінбеушілік араласқаны өтірік емес. Неге? Себебі, өмірдегі Әйгерім – алабөтен малсақ адам болған, ал Абай «Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын» деп өзі айтқандай, дүниені қуудан бас тартқан.

8. Абайдың бейнесі сақталып қалған екі фотосурет қана бар:

Біріншісі, 1896 жылы Ділдәдан туған тұңғыш ұлы Ақылбай, Әйгерімнен туған Тұрағұлмен түскен фотосурет.

Екіншісі, 1903 жылы киіз үйде түсірілген. Фотосуретте Абай, ұлдары Мағауия мен Тұрағұл, немерелері Пәкизат, Әубәкір, келіні Кәмәлия (Әубәкірдің әйелі) және әйелі Еркежан бейнеленген.

9. Абай көзі тірісінде 170 жуық өлең жазған. Ең танымалы – 9 жыл бойы жазған «Қара сөздері».  «Ескендір», «Масғұт» және «Әзім әңгімесі» поэмаларын жазып қалдырған. М. Лермонтовтың өлеңдерін, А.С. Пушкиннің дастандарын және И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды.

10. Абайдың көзі тірі кезінде салынған портреті. Портреттің авторы Семейге саяси қуғынға айдалған Павел Дмитриевич Лобановский.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago