Categories: Қоғам

Ұлы дала квартиранттары

Су жаңа депутат Дәулет Мұқаев баспананы 10% бастапқы жарнамен алуды ұсынды. Ол 50 пайыз бастапқы жарнаны жастар түгілі, ересектер жинай алмайтынын айтты.

«Үйі жоқтың — күйі жоқ» елімізде қолжетімді баспана ең өзекті мәселелердің бірі. Халқымыздың «ұлы дала квартиранттары» атанғаны да жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмауда.

Әділет министрлігінің тіркеу қызметі мен заң қызметінің ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 мың жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленгендердің 40 пайызға жуығы, яғни 3-ші жұп ажырасады деген сөз.

Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілігі екенін ескерсек, соның ішінде баспана -бірінші орында. Жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету — біршама мәселенің алдын алары сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік деңгейде жас отбасы бағдарламасының бастапқы жарнасы 10 пайыздан аспайтындай бастама ұсынамын,

деді Мұқаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago