Categories: Экономика

Құлыбаевалар Халық банктегі үлесін қысқартпақ

Тимур мен Динара Құлыбаеваның «Алмэкс» холдингі өзіне тиесілі Халық банк акцияларының 18,1% акцияларын Лондон биржасындағы жеке инвесторларға сату туралы ойлана бастады. Бұл туралы, өз дереккөздеріне сүйеніп, Bloomberg жазады.

Сонда олар Халық банкті бақылауға мүмкіндік беретін 51% акцияны өздерінде қалдырады. Ал қалған 49% акция жеке инвесторлардың қолында болады және ашық нарықта әрі-бері сатылып жүре береді.

Бұл өте ақылды стратегия екенін айта кеткен жөн. Халық банкі акцияларын бүкіл әлем бойынша түрлі инвесторлар ұстап отырғандықтан оның халықаралық компания статусы бар. Демек банкке «Жаңа Қазақстан» билігі тиісе алмайды. Ал «Алмэкс» банк пайдасынан 51% дивиденд алып отырады. Яғни банк негізгі қожайындарына пайда әкелуін жалғастыра береді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Халық банк Тимур мен Динара Құлыбаеваларға 96 милллиард теңге пайда алып келді. 2022 жылдың кірісі одан да көп болады деп болжанып отыр. Оған қоса, банктің 18,1% акциясын сату олардың байлығын еселеп жіберетіні сөзсіз.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

5 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

5 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

5 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

1 день ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago