Ұлыбританияға аптап келе жатыр. 18 шілде

Әлемдік БАҚ не туралы жазды.

Нарық ФРЖ-ға ілесе алмай жатыр

The Wall Street Journal сарапшылар айдың соңында ФРЖ базалық мөлшерлемесінің тағы бір өсуі мерзімінен бұрын болуы мүмкін деп жариялады.

Федералды резерв жүйесінің шенеуніктері 26-27 шілдеде 0,75 пайыздық тармаққа пайыздық мөлшерлемені көтеретіндерін айтты, алайда бірден 1% көтеру мәселесін ашық қалдырмақшы.

Алайда, мамандар мөлшерлемелерді тым күрт өсіру экономиканың қажетсіз әлсіреуіне әкелуі мүмкін деген пікірді алға тарта отырып, бұл идея сараптап алуға шақырады. Атланта ФРБ президенті Рафаэль Бостик атап өткендей,

Мөлшерлемелердің жылдам өсуі экономика мен нарықтардың тез бейімделуінен гөрі, саясатты тезірек қатайту қаупін тудырады

Жеткізілімнің жақсаруы сұраныстың төмендеуіне тап болды

Вloomberg жеткізілім тізбегі баяу болса да, бірақ қалыпты жағдайға оралып жатқанын дәлелдейтін фактілерді келтірді.

Алайда, әлемдік экономика қалпына келіп жатыр деуге әлі ерте, өйткені жеткізілім проблемалары шешіліп жатқанымен, сұраныс анағұрлым азайғаны байқалады. Экономистер мұны «әлемдік экономиканың екінші ауыр кезеңі» деп атады.

Ұлыбританияға аптап келе жатыр

The Guardian елдің жоғары температураға дайындығы туралы жазды.

Ұлыбритания тарихындағы ерекше аптап туралы алғашқы «қызыл» ескерту түн ортасында күшіне енді. Келесі екі күнде термометр +41 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде, бұл елдегі температура рекордын бұзады деген болжам бар.

Көлік қатынасы дүйсенбіде де, сейсенбіде де бұзылады деп болжанды, өйткені Network Rail адамдардан қатты қажет болмаса үйден шықпауды сұрады және күн сәулесінен деформацияланбауы үшін теміржол жолдарын ақ түске боямақ ниетте.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі аптап туралы ескерту деңгейін үшінші деңгейден төртінші деңгейге көтерді. Бұл «жоғары қауіпті топтар ғана емес, сау адамдарда да ауру мен өлімге душа болуы мүмкін» дегенді білдіреді.

Инфляцияға қарсы ынталандыру

АҚШ президентінің әкімшілігі «бұрын-соңды болмаған инфляцияның жоғары деңгейін» мойындағанымен, халықаралық саясат пен жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлкен қаражат бөлуді жалғастыра отырып, құлдырау қаупін жоққа шығарды деп жазады Fox news.

Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Джаред Бернштейннің айтуынша:

Төлем есебіне және жұмыс орындарының өсуіне қарап, біз құлдырап жатырмыз деп қорытынды жасауға болмайды. Менің ойымша, дәл қазір бізде экономикада инфляциялық кедергілер бар, бірақ сонымен бірге тұтынушыларды ынталандыратын көмекші күштер де бар.

Ресейге көмек

Шенеуніктер Иранға қарсы ықтимал іс-қимылдарға қоғамдық пікір дайындай бастағаны туралы New York Times жазды. Израильге сапары кезінде АҚШ президенті егер қажет болса, Америка күш қолданатынын, бірақ Иранға ядролық бомба жасауға жол бермейтінін айтқан.

Екі күннен кейін Иран Ресейге Украинамен соғыста көмектесетіні туралы Ақ үй мен Пентагон өкілдерінің мәлімдемелері пайда болды.

Ресейдің ұшақсыз зымырандары таусылып жатқандықтан, Иран ресейлік әуе флотын қамтамасыз ету үшін Ресей әскеріне жүздеген өз зымырандарын жеткізуді жоспарлап отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

7 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

8 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago