Categories: Қоғам

«Құлынымды қиып бердім, қайтейін»: Ақын Серікзат Дүйсенғазы өмірден өткен ұлына жыр арнады

Белгілі айтыс ақыны Серікзат Дүйсенғазының отбасы 16 жастағы ұлынан айырылып, қара жамылды. Ақын өмірден өткен ұлына жыр арнап, Facebook желісінде бөлісті.

«Ей, жүрегім, сабыр, сабыр, сабыр де, Жасамайын күпіршілік Тәңірге. Құлынымды қиып бердім, қайтейін, Қабырғасы қара суық қабірге.

Тура келген не істей алам ажалға? Сөз таба алмай қор болдым-ау жазарға. Қаламымнан қара сия төгілді, Ақ парақтың бетіндегі ғазалға.

Қапелімде ой да келмей орамды, Тоқтата алмай көзден аққан сорамды. Қаңтар туа қаңтарылдым баса алмай, Ішімдегі алай-түлей боранды.

Жылаймын ғой, қайтем енді жыламай, Тағдыр мені жібермеді сынамай. Күңіренген шығар бәлкім осылай, Әбішінен айрылғанда ұлы Абай.

Зор қайғыдан көтере алмай еңсемді, Көз алдымда аспан мен жер теңселді. Он алты-ақ жыл ойнақтаған, қарғам-ай, Сенен де әттең, өтті-ау жалған өлшеулі.

Ғалым болар, ақын болар деп едім, Көз тиді ме дара туған бөбегім? Өң мен түстің арасыңда отырмын, Түсім қашып түсіне алмай себебін.

Дүниенің өлшей білген парығын, Адалдықты жүрегіңнен таныдым. Зау биікте аппақ қардың үстінде, Заулап келіп жаны үзілген жарығым.

Әулетімнің маңдайдағы бағы едің, Әкесінен ассам дейтін бала едің. Арманыңа жетпей кеткен жаныңды, Тыныштықта әлдилесін ақ өлім.

Ауырлығы қара жердей сынақтың, Қасіретіне қарсы тұрып шыдаппын. Құлыншағым шапағатшы болар деп, Бақшасында сегіз түрлі жұмақтың», — деп жазды айтыскер.

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер, ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы оқыс оқиға салдарынан қаза тапты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

5 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago