Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.
Қазақстандық «Мұқағали» фильмі Дубайдағы Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таяу Шығыс, Азия және Африка киноиндустриясын қамтитын Meta Film Fest жаңа халықаралық кинофестиваль 27 қазанда Джумейра Пальмасындағы Nakheel Mall-дағы Vox Cinemas кинотеатрында басталды. Фестивальде 25 елден 70-тен астам фильм көрсетілді.
Байқау бағдарламасына «Мұқағали», «Ұлы дала таңы», «Ақын» және «Конокрады» атты төрт қазақстандық фильм таңдалған болатын.
Белгілі қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұқағали» картинасы оның өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірді.
Таспаның сценарийін белгілі қазақстандық жазушы Жүсіпбек Қорғасбек режиссер Болат Қалымбетов пен Ғазиз Насыров бірлесіп жазды. Фильм қазақстандық прокатқа 2021 жылдың 21 қазанында шыққан болатын.
Фильмнің әлемдік премьерасы 25-ші (PÖFF) Таллин кинофестивалі аясында өтті. Онда қазақстандық картина экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Биылғы жылдың наурыз айында өмірбаяндық картина Кераладағы (Үндістан) 26-шы Халықаралық кинофестивальдің «Әлемдік кино» секциясында ұсынылды. Жақында «Мұқағали» фильмі Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фильм Гатчинадегі (Ресей) «Әдебиет және кино» Халықаралық кинофестивалінде қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтың үздік жұмысы үшін қазылар алқасының арнайы дипломына ие болды.
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…