Categories: Жемқорлық

Мұғалімдер арасында да жемқорлық өршіп тұр

Ақтөбе облысында балабақшалар мен мектептерде, сондай-ақ колледждерде сабақ беретін 70-ке жуық педагог біліктілік санаты туралы жалған куәлікпен жұмыс істеп, сол үшін ақша алып келген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Диапазон» басылымыгың жазуынша, аталған жайт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыстық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің бірлескен тексеруі барысында шындық анықталған.

Сонымен қатар 53 педагог «Мектепке дейінгі педагогика және психология» немесе «Психология негіздері» тест тапсырмалары бойынша 19 балл алған, яғни 65 пайыздық шекті мәннен өте алмаған, алайда олардың тестілеуден өткені туралы сертификат алғаны белгілі болды.

Мысалы, 2021 жылдың 23 сәуірінде Ақтөбе қаласында сағат 9:00-13:45 аралығында педагог тестілеуден өтіп, бар болғаны 26 балл жинап, «өтпеді» деген нәтиже алған. Алайда дәл сол күні әлгі педагог сағат 15:00-де Шалқар қаласында (Ақтөбеден 360 шақырым жерде) тест тапсырып, 44 балл жинап, «өтті» деген қорытындыға ие болған,

деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Заңсыз алынған жалақы өсімінің жалпы сомасы 100 миллионнан астам теңгені құрады. Мұғалімдер ақшаны қайтаруға мәжбүр болады.

Әр мұғалім бес жыл сайын аттестациядан өтеді. Мұғалім «шебер педагог», «педагог-зерттеуші», «педагог-сарапшы», «педагог-модератор» санаттарын алған кезде, жалақы 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Сертификаттау тестілеу және портфолионы тексеру деген бірнеше кезеңмен жүзеге асады. Портфолионы тестілеуден шекті бал алған адам ғана тапсыра алады. Білім басқармасы тестілеу өткізбейді, оны жеке білім беру ұйымы жүргізеді. Мұғалімдер бізге тек тест нәтижесін – сертификаттарын әкеледі. Тексеру әлі жүргізіліп жатыр, бірақ олар ақшаны бюджетке қайтаруы керек. Нәтижесі кейін шығады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago