Categories: Білім

Мұғалімдердің еңбек демалысы: 56 күнге ақша қалай төленеді?

Мұғалімдердің демалыс ақысы қалай есептеледі? Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі Бюджетті жоспарлау департаментінің басқарма басшысы Гүлайым Тоқпанова түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Педагогтер оқу жылы аяқталғаннан кейін жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Педагогтерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының екі түрі беріледі. Олар – негізгі және қосымша.

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес әрбір педагог ұзақтығы 56 күнтізбелік күн мөлшерінде негізгі еңбек демалысын алуға құқылы. Білім беру ұйымдары көп жағдайда жеке лауазымдардың, мысалы, мектепалды сынып тәрбиешісінің, музыка жетекшісінің, концертмейстердің, көркемдік жетекшісінің, хореографтың, аудармашының, сурдопедагогтің, жастар ісі жөніндегі инспектор, өндірістік оқу ісі шебері сияқты педагогтердің күндерін қысқартады.

Бұл лауазымдағы педагогтер стандартты демалыс алуы керек. Күнтізбелік 56 күн. Толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейтін педагогтерге де осындай күндер беріледі.

Экологиялық қолайсыз аймақтарда және радиациялық қауіпі бар аумақтарда тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстар қарастырылған. Экологиялық қолайсыз аймақта тұратын педагогтер үшін қосымша демалыстың ұзақтығы – 7 күннен 12 күнге дейін. Радиациялық қауіпі бар аумақта тұратын педагогтер 5 күннен 14 күнге дейінгі мерзімді құрайтын қосымша демалыс алуға құқылы.

Мереке күндері еңбек демалысы болып есептелмейді. Еңбек демалысын беретін кезде нақты жұмыс істеген уақыт қана есепке алынады. Еңбек демалысы орта күндік жалақыны демалыс күндерінің санына көбейту арқылы есептелінеді. Орташа күндік табыс 12 айдағы есептелген жалақы сомасын нақты жұмыс істеген күндер санына бөлу арқылы есептейді. Егер мұғалім бір жылдан аз уақыт жұмыс істесе, онда орташа күндік жалақыны есептеу үшін нақты жұмыс істеген айлар ғана есепке алынады.

Еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған педагогке өтемақы төленеді.

Әрбір білім беру ұйымы еңбек демалысының төлемдерін уақытылы төлеуге жауапты. Еңбек демалысының төлемі демалыс басталғанға дейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді. Егер педагогтің еңбек демалысы демалыс кестесінен тыс болса, оған төлем демалыс берілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Еңбек демалысын беру кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық жалақы мөлшерінде төленеді.

Нормативтік жүктемесі бар мұғалімдерге сауықтыруға арналған жәрдемақының мөлшері оларға еңбек демалысы берілген күннен нақты оқу жүктемесінен есептелінеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago