Қоғам

Мұғалімдері желі үшін тауға шығуға мәжбүр Аққұм ауылына интернет орнатылатын болды

Желінің жоқтығынан электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болған Аққұм ауылы мұғалімдерінің жағдайы осыған дейін қызу талқыға түсті. Цифрлық даму министрлігі Түркістан облысы Аққұм ауылының тұрғындарына 20 Мбит/с интернет жылдамдығы мен шектеусіз трафикті қамтамасыз етуге уәде берді. Бұл туралы  Otyrar.kz порталы хабарлайды.

Министрлік бүкіл желіде тараған атышулы суреттен кейін жұмысқа кірісті. 

«Бұл ретте министрлік коммуникация саласында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 3 мыңнан астам ауылды талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Олардың қатарында Аққұм ауылы да бар», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Аққұм ауылының мұғалімдері электронды журналды толтыру үшін тауға шығуға мәжбүр болғандарын хабарлаған болатынбыз. Тіпті мектеп оқушылары информатика сабағын теориялық түрде ғана оқып жүрген екен. 

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago