Күні кеше әлеуметтік желілерде Астрахань, Орынбор мен Омбыдағы этникалық қазақтарға Астана мен Атыраудан тегін жатақхана беруге дайынбыз деген хабарлама тарады. Шекарадан өтуге дайын қандастарға хабарламада көрсетілген телефон нөміріне хабарласу ұсынылған.
Сондай-ақ хабарламада «Қазақтарды бөтен соғыста өлуден құтқаруға көмектесу керек. Бұл — біздің ата-бабаларымыз алдындағы парыз. Әр қазақ менің жалғызым» делінген.
Алайда, тарихи отанына оралғысы келетіндер саны аса көп емес сияқты. Журналист Мира Байбек осы хабарламаны Ресейдегі қандастарымыздың чатына салғандағы реакция туралы Facebook парақшасында жазды. Айтуынша, тұрғындар бұл хабарламаны «елге іріткі салу» деп қабылдаған.
Желіде Айша деген бір қыздың «Астрахан, Орынбор және Омбы қазақтарына көмектесеміз, Астана мен Атырауда жатақханаға орналастырамыз, әр қазақ – жалғызым» деген сарындағы хабарландыруын көргендер бар шығар. Сол хабарландыруды Орынбор жақта тұратын танысымыз біраз чатқа таратқан екен. Сөйтсе қандай реакция болған деп ойлайсыздар?
Естімеген сөзі қалмапты! Иә, сол жақтың біраз адамы «Ел ішіне іріткі салма, провокатор, сатқындарды көбейтпе, отанымыз Ресей үшін өлеміз, керек болса, Қазақстанға қарсы бара аламыз» деп көкіп беріпті!,
деп жазды Мира Байбек.
Сол сөздерді естігенде қандастарға қарағанда мына үдере көшіп кеп жатқан шикісарылар жақсы ма деп қалдым, дейді Мира. Олар ең болмаса, адам өлтіргісі келмей қашқан ғой.
Қандастардың бұл майданнан үміті зор көрінеді. Кейбірі соғыстан батыр болып оралуды аңсайды.
Украинада өлсек, бәлен жылдан соң бізге де Даңқ мемориалын орнатып, көше-қалаға атымызды беруі мүмкін» деген үмітін ашық айтқандар болған. Солардың көбі біздің қараорыстар дейді.
Олардың дені баяғыда мәңгүрттеніп кеткен ғой. Қазақы рух көбінде өліп қалған. Соларға емешегі үзіліп тұратындар, ойланыңдар әлі де,
деп жазды журналист.
Айта кету керек, жақында әлеуметтік желілерде ресейлік қазақтардың Украинадағы арнайы әскери операцияға қалай аттанып жатқаны туралы видео тараған. Видеода әскерге шақырылғандардың көңіл күйі көтеріңкі екенін байқауға болады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…