Қоғам

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай, борышын өтеуге мәжбүрлі түрде жіберілген. Алайда жасөспірім көп ұзамай бұл жерден мүгедек болып оралды. Жәбірленушінің әкесі қылмыстық істі қатаң бақылауға алуды сұрап отыр.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі бас әскери прокуратураға хабарласып, оқиғаның жай-жапсарын сұрап білді.

Жергілікті әскери комиссариаттың қызметтерлері ұлдың ата-анасынан ол борышын өтемес үшін, ең әуелі 700 мың теңге, кейін 500 мың теңге ақша сұрап бопсалаған. Ақыр соңында ұлдары әскерден омыртқасы сынып, бірінші топтағы мүгедек болып оралды.

Жан ұшыра шырылдаған сарбаздың әкесі осы мәселені атқамінерлерден ерекше бақылауға алуды сұрайды.

Мен А.Раушанбекұлы баламды 26 сәуірде әскери комиссариаттың қызметкерлері ұстап алып кеткен. Алып кеткенімен қоймай, ақша сұрап бопсалады. Сол жерде өздерінің жертөлесі бар. Ақша сұраудан бастартпайтын мамандары да бар. Бәрін мойындамай отыр. Баламды сау күйінде алып кетіп, мүгедек етіп шығарды,

деді жәбірленушінің әкесі.

Сарбаздың әкесі баласын ауруханадан шығарғанын, алайда аяғынан тұра алмайтынын айтты.

Міне, балама ауруханадан шығару қағазын алдым. Баламды үйге алып кеттім. Ол мүгедек, жүре алмайды. Әскерилер мүлдем көмек те берген жоқ, келмеді де, хабар да алмады. Енді баламды, өзі баламды армиядан қашпақшы болды деп секіріп, басына бәле тілеп алды деп жауып жатыр. Мұндай болмаған. Бізде дәлел бәрі бар. Ақша сұраған, келіншегімнен жеке шығарып сұраған. Одан кейін балам достарынан, ағаларынан ақша сұраған. Олардың да телефондарында бәрі жазылып тұр. Әскерилердің үстінен қарайтын департамент пен бас прокуратураға осы істі аяғына дейін тергеп-тексеруді сұраймыз. Барлық ата-ана бұлай зардап шеге бере ме? Кім әскерге барады, кім баласын жібергісі келеді? Қағаз арқылы шақырады дейді, мейлі шақырсын. Барлық ата-ана айыппұл төлемеу үшін өздері-ақ балаларын апарады. Бұл шектен шыққандық. Осы істі соңына дейін әділ шешілуді өтініп сұраймын,

деді мүгедек сарбаздың әкесі.Аталған іске қатысты бас әскери прокуратура пікір білдіріп, сарбаздың екінші қабаттан секіргенін айтады.


Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago