Фото: ашық дереккөзден
2022 жылы түрлі ұйымдар мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді жағдай жасамағаны үшін 60 млн теңгеден астам айыппұл арқалады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті.
2022 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т. б. салалардағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне 1062 тексеру жүргізді.
Олардың қорытындысы бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 900-ден астам ұйғарым берілді, жалпы 60 млн теңгеден астам сомаға 300-ге жуық әкімшілік айыппұл салынды.
Заңбұзушылықтардың ең көп саны Түркістан (бұзушылықтардың жалпы санының 23%), Қостанай облыстарында (22%) және Алматы қаласында (7%) анықталды. Олардың негізгі бөлігі жеке кәсіпкерлік объектілері мен 2015 жылға дейін пайдалануға берілген объектілерге тиесілі.
Жергілікті жерлерде объектілерді бейімдеу және осы ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі шараларды мониторингтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталы жұмыс істейді.
Порталдағы деректерді жергілікті атқарушы органдар толтырады. Мүгедектігі бар адамдар белгілі бір объектіге барар алдында, үйден шықпай (компьютерден немесе телефоннан) оның бейімделу дәрежесін көре алады, сондай-ақ кейіннен қол жетімділікке баға бере алады.
Өңірлік деңгейде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары бекіткен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі 227 мониторингтік топ құрылды, олардың құрамына 1630 адам кірді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…