Қоғам

Мүгедектігі бар жандарға барынша көмек көретілуі керек

Өкінішке орай елімізде күннен күнге мүгедектігі бар жандар көбеюде. Елімізде 720 мыңнан астам мүгедек жандар бар, оның 62 пайызы еңбекке қабілетті жастар.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында мүгедектігі бар жандарды қорғау, оларға деген көмекті ұлғайту керектігін қозғап жүргенін сөз етті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрметті қазақ елі! Қадірлі азаматтар! Тағдырластар! Елімізде мүгедектігі бар жандар күні деп жарияланған болатын. Бірақ мен бұл күнді мүгедектігі бар жандарды қорғау күні деп айтар едім. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әр Жолдауында мүгедектігі бар жандарды қорғау, оларға деген көмекті ұлғайту керектігін әрдайым айтуда және нақты тапсыруда.

Бізбен сіз болып, ел болып осы азаматтардың өмірге деген құлшынысын, сенімін арттыру үшін көптеген жұмыстар атқаруымыз керек деп білемін. Тек қалалық жерлерде ғана емес, сонымен қатар алыс өңірлердегі мүгедектігі бар жандарға көмек барынша көрсетілуі керек және жағдай жасалуы керек деп білемін.

Бүгінде Парламент қабырғасында инклюзивті Парламент құрылған болатын, ондағы негізгі жұмыс заң аясында мүгедектігі бар адамдарды қорғауымыз керек. Ол үшін аянбай еңбек етуіміз керек. Өзім де әр депутаттық сауалымда осы мәселелерді билікке жеткізудемін. Себебі әрбір мүгедек жан өздерін толық сезінуі керек. Мемлекет тарапынан үлкен көмек болып тұрса, оларда ертеңгі күнге деген сенімдері артпақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago