Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин биылғы Мемлекеттік сыйлықтың іріктеуіне өтпей қалған үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай туралы Президентке хат жолдады.
Тұрысбек Сәукетай — халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Мен жындымын», «Бұлағай», «Ай қараңғысы» атты таңғажайып туындылардың авторы. Алайда қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы – оқырман қауым үшін үлкен өкініш.
Осыған байланысты қазақ әдебиетінің алып қайраткері Мұхтар Мағауин ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының атына хат жолдапты.
Қазақстан Республикасының президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
мырзаның назарына!
Айтпағым – қазақ рухы, қазақ мәдениетіне қатысты аз ғана бір уәж. 2022 жылы Мемлекеттік сыйлық талқысы туралы соңғы хабардан естуімше, бүгінгі қазақтың атпал жазушысы, тіпті, екінің бірі, үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктен өтпей қалыпты. Абай атындағы марапатқа бірден бір лайықты – осы «Желқайық» романы еді. Тұрысбек – бүгін ғана жеткен прозашы емес; өткен онжылдықтағы «Ай қараңғысы» және кез келген басқа да романы осы мәртебеге татитын. Бүгін бәйгеге «Желқайық» түскен екен. Айтары жоқ, осы жаңа ғасырда дүниеге келген ең озық туындылардың бірі. Мұндай биік көркемдік деңгейде жазылған, бүгінгі қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы – көңілінде алалық жоқ зиялы қауым үшін, көзі қарақты, ұлт мүддесін ойлайтын оқырман қауым үшін үлкен өкініш болар еді.
Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізу ендігі Сіздің қолда тұр деп білемін…
Мұхтар Мағауин,
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты,
Қазақстанның Халық жазушысы,
17.Х.2022, Америка Құрама Штаттарынан
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…