Маңызды

Мүмкіндігі шектеулі мамандардың жұмысқа орналасуы қиын

Диплом бар, жұмыс жоқ.

Жоғары білімі болса да, мүмкіндігі шектеулі мамандардың жұмысқа орналасуы қиын. Алматының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевқа осылай деп шағымданды, деп хабарлайды Айқын агенттігі.

Олардың айтуынша, мемлекеттен мүгедек жастарды оқытуға арнайы квота бөлінеді. Кейін олар бәрібір жұмысқа тұра алмайды.

Бізде жылына 15-16 студент медколледжді бітіреді. Өздеріңіз арнайы грант бөліп, оқытып жатырсыздар. Дипломдарымызды,  арнайы сертификаттарымызды алдық. Бірақ қолымызда ЖОО-ның дипломы болса да, ешкім бізді жұмысқа алмайды. Өтініш, осы назарға алынса,

деді мүгедек жандар.

Жұмысқа орналаса алмай жүргендерің арасында зағиптар да бар. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың бұл мәселенің жуырда шешімін табатынын жеткізді.

Бірақ, бұл қашан шешілетіні белгісіз. Құр уәде…

Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 695 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар, олардың 95 мыңы – балалар. Бұл көрсеткіш жыл сайын 3-4%-ға өсіп отыр. Қорқынышты көрсеткіштің алдыңғы үштігінде Түркістан, Алматы, Қарағанды өңірлері тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago