Фото: видеодан алынған
Tiktok желісінде Бексұлтан Молтаевтың курьер болып жұмыс істеп жүрген видеосы жұртшылықты тамсандырған еді.
Желіні тамсандырған курьердің тірек-қимыл жүйесі бұзылғанын аңғаруға болады.
Күні кеше Bake_bloger деген азамат Бексұлтанға мопед сыйлады.
Барша қазақ елі сенің видеоңды көріп тамсанды. Біз одан қатты күш-жігер алдық. Нағыз ер азаматтың жұмысқа бейім екенін, жұмыс жоқ деген жай сылтау екенін сен дәлелдеп бердің. Алланың берген сынағына мойымай, адал еңбек етіп жүргенің сүйсінтті. Мен қазір қолымнан келгенше саған көмектесемін. Өзімнің ер-азаматтық парызымды орындаймын,
деді блогер.
Ол өзінен көп адам көмек сұрайтынын да айтты.
Менен көп адам «көмектесіңізші» деп көмек сұрайды. Бірақ он екі мүшесі сау. Ал сен өзіңдегі сынаққа мойымай, жұмыстан қалмай жүрсің,
деп ол мопедтің кілтін табыстады.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде пайда болған видео бірнеше күнде 2 миллионға жуық қаралым жинады. Денсаулығындағы қиындықтарға қарамастан, Алматы көшелерінің бірінде жас жігіт курьер болып жұмыс істеп жүргенін көруге болады.
Жұртты тамсандырған видеоның кейіпкері 25 жаста, Тараз қаласының тумасы. Ағасының ауыр диагнозын естігеннен соң бірден Алматыға көшіп келген екен. Ал анасы мен егіз әпкесі Таразда қалған.
Еңбеккор жігіттің негізгі жұмысы бар екен. Супермаркетте жүк тиеуші болып қызмет етеді. Ағасының еміне қаражат жетіспегендіктен, жеткізуші болып орналасыпты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…