Categories: Қоғам

Мұнай мәселесі: Мұратбай Жұмағалидың көздегені неде?

Жаңаөзендегі дүрбелең және оның сауатты ұйымдастырылуы — осының режиссері кім деген сұраққа жетелейді. Себебі, жұмысшылардың штатқа алу бойынша заңды талабын енді саяси бағытқа бұрмалау әрекеттері басталды. Астанаға барған топ келісімге келсе де, «Өзенмұнайгазға» қарасты БЖБ мекемесінің жұмысшылары наразылық акцияларын жалғастырып, үлкен компанияның жұмысын тұралатып отыр, деп жазады Dala Inside.

Бұл топтың лидері – Мұратбай Жұмағали. Ол жақында өткен сайлауда Мәжіліске өте алмай қалған өкпелі мұнайшы. Мұратбай Жұмағали бастаған топ бүкіл «Өзенмұнайгаз» компаниясын тоқтатуды талап етуге көшті. Ал 150 мың халқы бар қала тұрғындары «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарап отыр.

БЖБ мекемесінде наурыз айында бұрғылаушы (5 разряд) – 1 374 781 теңге, құбыр таситын көлікті жүргізуші (5 разряд) – 1 161 478  теңге, жерасты скважина операторы – (4 разряд) 1 228 526 теңге айлықты таза қолына алған. Ондай жұмыстан бас тартып, тоқтату үшін жұмысшыларға үлкен себеп керек.

Құзырлы органдарға Мұратбай Жұмағалиді бақылауға алу, жан-жақты байланысын тексеру аса маңызды. Сырттан ешкім арандатып отырған жоқ па деген сұрақ туындайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago