Фото: ашық дереккөзден
Жұмыссыз қалғанына ашынған 100 адам жоғарыға сөзін өткізіп, талабын тыңдатты.
Елден келген мұнайшылардың мәселесі бойынша құзырлы органдар және квазимемлекеттік мекемелермен ақпарат алмасып, жұмыс жасадық.
Ортақ жұмыстың нәтижесінде жігіттер босап шықты, олардың сұрақтары келіссөздер арқылы шешілетін болады,
деп жазды маңғыстаулық депутат Еділ Жаңбыршин.
Осы митингтің басы-қасында жүрген белсенділер Жолмұрат Лұқпан мен Нұрсұлтан Нұрымұлы байыпты, сауатты сөйлеп отыр.
Бұл күн Маңғыстау жұртының мәртебесін өсірді. Жаңаөзен жұрты демократия құндылықтарын, соның ішінде митинг мәдениетін жоғары деңгейде меңгергенін дәлелдеді.
Астанада ұсталған жаңаөзендік мұнайшылардың басым бөлігі бүгін ауылына қайтады.
Келіссөзді жалғастыру үшін бесеуі қалады.
Мұнайшылар аутсорсинг келісімшартының орнына, үш жылға еңбек шартын жасасып, демалысқа шығуға мүмкіндік беруді талап етіп отыр.
Бұл — орынды талап. Әйтпесе аутсорсинг шартын желеу етіп, батыс өңіріндегі жеке компаниялар жұмысшымен ҚР Еңбек заңы аясында келісім жасамайтын болған. Яғни, заңды демалыс жоқ, оның ақысы төленбейді, кез-келген уақытта компенсация бермей жұмыстан шығара салады. Сол себепті, өңір адамдары өздерінің мемлекет қорғауында екенін сезінбей келеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…