«Мұның халыққа пайдасы зор»: Қонаев қаласындағы казинолар жабыла ма?

Қонаев әкімінің айтуынша, қаладағы ойынхана ешкімге кедергі келтірмейді, керісінше тек пайда алып келеді.

Қала басшысы  мойындағандай, ойынхананы жабу туралы мәселені сөз етуге тұрмайды. Оның айтуынша, аталмыш ойын ошақтары 7,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, сол себепті ойын орындарының жергілікті халыққа пайдасы зор.

Казино аймақ экономикасына мультипликативтік әсер береді. Онда біздің тұрғындар жұмыс істейді, сонымен қатар жергілікті кәсіпорындар ойын алаңдарына қызмет көрсетеді. Осының барлығы, сайып келгенде, қала тұрғындарының тұрақты жұмыс орнының болуына мүмкіндік береді. Оларды жабу туралы сөз қозғалмады,

деді Нұрлан Қуматаев.

Айта кетейік, Қазақстанда казино ашуға рұқсаты бар екі қала бар, оның бірі — Бурабай, екіншісі бұрынғы Қапшағай қаласы еді. Енді Қапшағай Қонаев деп аталып, ол Алматы облысының орталығына айналды. Бүгінгі күні Қонаев аумағында (Алматы-Талдықорған тас жолының бойында) бес ойынхана, төрт ойын клубы және алты букмекерлік кеңсе жұмыс істейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago