Қоғам

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады. Ол жазасының өтелмеген мерзімін айыппұлға ауыстыруда сұрады. 4 жыл 6 айға сотталған блогер бұған дейін дәл осы баппен екі рет сотты болған, деп жазады otyrar.kz.

Белгілі блогер Мұрат Әбділда сотқа бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы өтініш жасады. Ол өз сөзінде істеген ісіне өкініп, түзеліп жатқанын, дұрыс жолға түскенін айтты. 2 жыл 2 ай уақытын темір торда өткізген ол, өтелмеген мерзімді айыппұлға ауыстыруды сұрады.

Құрметті сот, кешірім сұраймын! Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Қателігімді мойындаймын. Сабақ алдым. Кешіріммен қарауды сұраймын! Мүмкіндік берсеңіздер!

деді Мұрат Әбділда.

Прокурор судьядан сотталғанның өтінішін қанағаттандырмауын сұрады. Ал адвокат Мұрат Әбділданың түрмеде өткізген уақыт ішінде мінездемесінің жақсы екенін, үш рет алғыс алғанын, алкогольден еріксіз емдеудің тоқтатылғанын айтты. Содан кейін судья Талғат Қахаров кеңесу бөлмесіне барып, біраз уақыттан кейін өз шешімін шығарды.

ҚР Қылмыстық кодекстің 73-бабы және ҚР ҚПК 476, 477, 480- баптарын басшылыққа алып, сот қаулы етті: Сотталғанның өтініш хаты қанағаттандырусыз қалдырылсын,

деді Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Талғат Қахаров.
фото Отырар.кз.

Судья сотталушыны дәл осы баппен бұған дейін 2 рет сотталғандықтан және оған екі ретінде де жазасын жеңілдету мүмкіндігі берілгенін айтып, оның өтініш қанағаттандырмады.

Еске салайық, белгілі блогер 2022 жылы ҚР ҚК 174-бабы, яғни, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік алауыздықты азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасағаны үшін 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago