Categories: Қоғам

Мәсімовтың інісі жазадан құтылып кетпек пе?

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот Нұрлан Мәсімовтың ісін қарады.

Отырыста Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты екі іс қаралды.

Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді.

Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады,

деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылып, кейін оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылып, маусым айында іздеу жарияланды. Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago