Оқиға

Мәскеуде «пранк» жасағаны үшін сотталған: Атышулы қазақстандық блогер бостандыққа шықты

Мәскеуде “пранк” жасаймын деп 3,5 жылға сотталған қазақстандық блогер Айдын Түсіпов бостандыққа шықты.

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлаған.

Айдын Түсіпов 2023 жылдың 14 қыркүйегінде Ақмола облысындағы қылмыстық-атқару жүйесінің №1 мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Қарағанды ​​қаласына тұрғылықты жеріне жөнелтілді,

делінген ақпаратта.

Түсіповтің босатылған сәті түсірілген бейнежазба да пайда болған. 

Еске салайық, 2021 жылдың наурыз айында блогерлер Айдын Түсіпов, Рамир Хасанов және Ерсін Дүмшебай Мәскеуде премиум такси шақырған. Жүргізуші олардың өтініші бойынша жүктерді жүксалғышқа салып жатқанда, бір жігіт жолаушылар орындығына отырып, екіншісі көліктің рульіне отырып, кетіп қалады. Үшінші азамат жүріп кеткен көлік пен оның жүргізушісінің эмоциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін олар қайтып келіп, жүргізушіге осылайша әзілдесіп жатқандарын түсіндіреді.

Сол күні қазақстандықтарды полиция ұстайды. Қараша айында Мәскеу аудандық соты оларды жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Қыркүйек айында БАҚ Айдын Түсіповтің Қазақстанға экстрадицияланғанын жазған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago