Categories: Дін

Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ — Зейнеп Ахметова

Әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова әсірешілдік, хиджаб киюге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Халықта сөз бар, тасып ала берсе, тау да таусылады». Осыны түсінбегендіктен, әсіре діншілдердің айтқанына еріп, қазақтың ата-бабасынан мұра болып келе жатқан нәрсесін бүркеншекке айналдырып жатыр. Әсіре діншілдеріміз, былай қарап тұрсаң бұлардікінің көбі қазір саясатқа қарай кетіп қалған,

деді Зейнеп Ахметова Алматы жұртшылығымен кездесу кезінде.

Сонымен қатар жазушы хиджаб киюге қатысты пікір білдірді. 

Қазақтың қыздары күйеуге тигенге дейін басына орамал салмаған, басына орамал тағу деген некесі қиылды, әйел болды дегенмен бірдей. Қазақтың қыздары киген кәмшат бөрік, моншақты сораба, шашақты қасаба, солар қыздарды қалай көріктендіреді?! Қазақтың қыздары шашының өзіне ерекше көңіл бөлген. Қолаң шаш, алтын шаш, сүмбіл шаш. Бұлардың барлығы қыздардың шашына берілген сын, сипат. Шашқа тағатын шашбаудың өзінде үлкен тәрбие бар. Қыз жүрсе, ол да сыңғыр-сыңғыр етіп, әдемі дыбыс шығарады екен. Енді ойлап қараңыз, осының барлығын мұсылман боламыз деп жерге көмеміз ба? Қанша тірлік, байлық, қаншама тарихи нәрселерді бір қара орамалдың астына көму керек пе? Тіпті санасыздық қой бұл,

дейді әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні.

Сөз соңын «Мұсылман болу үшін араб болудың керегі жоқ, қазақ болып қалу керек» деп түйіндеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago