Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Сайлау туралы конституциялық заң талаптарына сәйкес, партиялық тізімдер бойынша 70 пайызы сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі.
ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Орталық сайлау комиссиясының отырысында қазіргі уақытта Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отырғанын айтты. Олар:
Барлық аталған саяси партиялардың Жарлықтарында партия Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көзделген.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған саяси партиялардың қызметін тоқтата тұру, қайта ұйымдастыру немесе тарату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан жоқ.
Саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшесі емес адамдарды кіргізе алмайды. Бұл ретте, партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсыныла алмайды.
Партиялық тізімдер бойынша саяси партиялар осы шақырылымда мандаттар санының 50% мөлшерінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсына алады. Ол үшін Сайлау заңының 103-бабының 4-тармағына сәйкес, саяси партияның тиісті филиалының жоғары басшылығының шешімі азаматтың партиялық тізімге енуіне келісім беру туралы өтінішімен бірге беріледі,
деді Алма Мұқанова.
Сонымен қатар тағы екі саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін.
Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Келесі кезең – съезд өткізу. Егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады,
деді А.Мұқанова.
Қазіргі таңда 6 саяси партияның құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) тіркелген, оның ішінде бес саясы партияның барлық 20 өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар.
Атап айтқанда, «Қазақстанның Халық партиясының» – 20, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының – 22, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының – 21, «AMANAT» партиясының» – 250, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының» – 20 филиалы тіркелген. Бұл ретте, Байтақ партиясында 3 құрылымдылық бөлімі Атырау, Қызылорда және Қарағанды қалаларында ашылған. Ал «Республика» партиясында құрылымдық бөлімшелер тіркелмеген.
Жаңадан тіркелген саяси партиялар, заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес, тіркеу күнінен бастап 12 ай ішінде құрылымдық бөлімшелерін тіркеуге міндетті.
Еске сала кетсек, 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Кандидаттарды ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталады және 20 күнге созылады, 8 ақпанда әр аймақта жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. Үміткерлерді тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жүргізіледі.
18 наурыз – тыныштық күні, ал 19 наурыз – сайлау күні.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…