Categories: Қоғам

Мәжіліс пен мәслихатты сайлау: 12 миллионнан астам дауыс беруші тіркелді

19 наурыздағы мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Оның айтуынша, 4 наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізіліп-енгізілмегенін тексере алады.

Жергілікті атқарушы органдардың сайлау учаскелеріне берген сайлаушылар тізіміне 26 ақпандағы жағдай бойынша 12 032 550 сайлаушы енгізілген. Біз бір адамның екі рет қайталану, бірнеше тізімге енгізу фактілерін тексердік. Ондай ештеңе анықталған жоқ. 12 032 550 – бұл бірегей сайлаушы,

деді Петров орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Ол бүгін сайлаушылар туралы мәліметтер цифрлық қорғалған түрде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілетінін айтты.

Олар SMS-хабарлама арқылы азаматтарды нақты бір учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпараттандыру жұмысын ұйымдастырады,

деді Константин Петров.

Айта кетейік, 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18:01-де басталды, ол 18 наурыз сағат 00:00-де аяқталады. Бұған дейін ОСК мәжіліс сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның партиялық тізімін тіркеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago