Фото: ашық дереккөзден
Бізге жеткен инсайд бойынша наурыздың екінші жексенбісінде Мәжіліс сайлауы өтеді. Назарбаевқа ода арнап, тарихта қалған жағымпаз-депутаттар жылы орнымен қош айтысады, деп жазады Dalainside порталы.
Бірқатар саяси партиялар науқанға дайындалып, қазірден қам жасауға кірісіп кетті. Жаңа Қазақстанға геосаясат пен ішкі ахуалды тең қарастырып, тиімді заңдар шығара алатын жаңа құрам қажет. Осы жолғы сайлау Ата заңға енген соңғы өзгерістерге сай өтеді. Бұл жолғы мәжілістің 30 пайызы мажоритарлық жүйемен жасақталады. Демек, тәуелсіз депутаттарға 30 мандат бұйырып тұр деген сөз.
Мандаттық тәртіппен сайланғандар тәуелсіз депутаттар фракциясын құрса, заң шығару инициативасына, түрлі қоғамдық, саяси құбылыстарға ықпал ету мүмкіндігіне ие болады. Бұл жағына уақыт төреші.
19 наурызға дейін екі айға жетер-жетпес мерзім бар. Додаға түсіп, «Жаңа Қазақстанды» құрам дейтін белсенділер, тағы да тасада қалып, «қолдарыңызды кеш сермеп» жүрмеңіздер. Саяси-қоғамдық өмірге қан жүгірту, халықтың электоралдық компанияға қызығушылығын тудыру айтары, ұсынары бар танымал тұлғаларға тікелей байланысты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…