Categories: Саясат

Мәжіліске адам құқығы дегенді естімегендер өтіпті

Бір Жигулидің өзі әлден-ақ елді шулата бастады. «Шетелдікке күйеуге шыққан қазақ қыздарына салық салайық» деп, екіншісі жүр.

Шыққыр көзіміз

адам құқығы, Ата заңды ұқпайтындардың депутат болғанын да көрді ақыры.

Содан ғой, жолдайтын сауалдары мен көтеретін мәселелері осындай.

Сол баяғы популизм деген отыз жылдық ескі әуен. «Ананы құртайық, мынаған тыйым салайық» деген. Біреуі ЛГБТ-ға, бірі TikTok-қа шүйлікті. Енді бірі құмар ойындарды тамырымен жұлып алайық деп жеңін түріп шыға келді.

Бұл депутаттар қымбатшылық қысып, халықтың жағдайы күрт төмендегенін неге айтпайды?

Қазақстан халқы кедейленіп бара жатқанын білетін арасындағы біреулері

қиналған халыққа бүйрегін сатуға рұқсат берейік деп шықты.

Масқара ғой.
Бірақ боқауыз сөзге, көшеде түкірген кісіге 69 мың теңге айыппұл салатын ақылға сыймайтын сорақы заңдарымыз бар екенін қалыпты дүние санайды.

Жолдағы айыппұлдардың мөлшерін қара халықтың қалтасы көтермей, Қазақстан көшелерінде кәдімгі парақорлық өршіп тұрғанын неге айтпайды?

Полицейлердің

«банкомат ана жерде» деп қойып, ереже бұзып ұсталған бейшараның артынан сүмірейіп келе жатқанын

талай көрдік.

Қысқасы, бұл жолғы депутаттардан да қайыр жоқ сияқты.

Соңғы Мәжіліс сайлауы «ең әділетсіз өткен сайлау» деген баға алған соң не сұраймыз бұлардан?

Мына түрімен адам мен қоғам өмірін шынымен жақсартатын, қазіргі сорақы сұрқымызды сәл болса да өзгертетін ештеңе ұсына алмас бұл Мәжіліс.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago