Categories: Саясат

Мәжіліске заң қабылдау өкілеттігі толық берілді – Ерлан Қошанов

Мәжіліс депутаттарының негізгі жұмысы — сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдарды қабылдау. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының реформаларының нәтижесінде елдегі негізгі саяси институттардың барлығы жаңғырды. Өткен Мәжіліс сайлауы сол жаңарудың соңғы сатысы болды. Оған дәлел Мәжілісте алғаш рет 6 саяси партия және бірмандатты округтен сайланған депутаттар отыр. Біздің бағдарламаларымыз бен көзқарасымыз әртүрлі болғанымен елдің мүддесі, мемлекеттің мүддесі мәселелеріне келгенде бәріміздің ойымыз да, міндетіміз де ортақ. Сондықтан алдымыздағы мақсат-міндеттерді тізе қосып, бірге асыруымыз керек деп есептеймін. Күн сайын жұмысымыздың қарқыны да, салмағы да арта түспек,

деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар ол заң шығару мәселесіне де тоқталды.

«Біздің негізгі жұмысымыз — сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдарды қабылдау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы шақырылымның бірінші сессиясында жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығына тоқталған болатын. Оның ішінде Мемлекет басшысы еліміздің қарқынды дамуы үшін алдағы 5 жылда сапалы заңнамалық негіз жасауды тапсырды. Бұл үшін барлық алғышарт жасалған. Мәжіліске заң қабылдау өкілеттілігі бүгінде толық берілді. Енді жүк те жауапкершілік те бізге түседі деген сөз. Сондықтан депутаттар үйлесімді, тиімді және жүйелі жұмыс істеуі керек», — деді ол.

Палата төрағасы қазір Мәжілісте 50-ге жуық заң жобасы қаралып жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жуық арада тағы да бірқатар заң жобасы бізге келіп түседі. Біз оларды тез әрі сапалы түрде қабылдауымыз керек. Бұдан бөлек, депутаттарда заң шығаруға бастамашы болуға өкілеттігіміз бар. Сол мүмкіндікті біз толық пайдалануымыз керек. Оның үстіне біз бәріміз өңірлерді аралап келдік. Көптеген депутат сол өңірлерден қызмет атқарып келді. Біз барлық түйткілді жақсы білеміз деп айта аламын. Өзекті мәселелерді де біз жақсы білеміз. Сондықтан депутаттар белсенділігін барынша арттырып, осы мәселелерді заңнамалық түрде реттеуге ат салысады деп ойлаймын», — деді Мәжіліс спикері.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago