Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмыс құратынын айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова екінші рет тұрмысқа шығатынын дүйім жұртқа жария етті, деп жазды KYN.KZ.

Әншінің аяқасты қабылдаған шешімі туралы өзінің әлеуметтік желісінде жарияланды. Халықтың ерке әншісі Мақпал күйеуге шығатынын айтып, қалжыңдайды.

Құрметті халайық! Бүгін мен үшін ерекше күн. Талдықорғанға келіп күйеуге шығайын деп жатырмын. Қыз жолдас Айжан Нұрмағамбетова болады. Неке сарайында бүгін баспасөз мәслихаты өтейін деп жатыр. Бір жігіт дайындап қоймадыңдар ма деп айтып жатырмын. Қалжың ғой,

дейді Жүнісова.

Оқырмандары оның күтпеген мәлімдемесін жақсы қабылдап, бақытты тілеп, ізгі тілектерін білдірді. Араларынан ұнатпай, кері пікір жазғандар да бар.

Адам қай  жаста болса да, бақытты болуға хақысы бар ғой.

Алла бақыт берсін, жақсылықтың ерте-кеші болмайды,

Қартайғанда күйеуді ойлағанша, қызыңыздың болашағын ойлау қажет!

Бұлай жасаған да дұрыс шығар,

деп пікірлерін білдірді желі қолданушылары.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago