Атақ және ақша

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов туралы ел білмейтін құпиясын айтты

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділов жайлы өз шындығын айтты. «Алғашқы» бағдарламасына келген әнші жан сырын ақтарды, деп жазады nur.kz. 

«Ол кісіні ең алғаш 1989 жылы көрдім. Ол кісі алыста отыр екен. Мысының басымдығы соншалықты, аяқ-қолым дірілдеп үстел жанына әрең жеттім. Бар айтатынымды қағазға жазып келгенмін. «Тоғыз жыл болды, жатақханада тұрып жатырмын» деп оқып бердім. Ол кісі бәрін тыңдады да, «Бара бер, 20 күннен кейін кел маған» деді. Дәл осылай айтты.

Мен «Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатырмын. Сіз маған «иә» немесе «жоқ» деп айтыңыз. Пәтер бересіз бе, жоқ па» деп тақылдап тұрмын. Ол кісі менің ол сөзімнен шошып кетті. Орнынан ұшып тұрды да, «Бар. Саған сол жақта түсіндіреді» деді. Мен де шошып кеттім. «Өлсем де алдыңа келмеймін» деп кеттім. Жатақханаға келіп, өкіріп жыладым», — деді Мақпал Жүнісова Нұрқаділовпен алғашқы кездесуі жайлы.

Бағдарлама барысында Мақпал Жүнісова екінші рет Заманбек Нұрқаділовпен жарты жылдан соң қайта кездескенін айтты.

Жарты жылдан кейін мені Жібек Әмірханова деген кісі шақырып, «Мақпал айналайын, дайындал. Сен Мороккоға баратын болдың. Өлең айтасың» деді. Аэропортқа бардық. Ол кезде қарапайым адамдар ұшақтың арт жағынан мінеді. Ал бастықтар тек алдынан мінетін. Жаңбыр сіркіреп тұр. Басына шляпа киген бір кісі маған тесірейіп қарап тұр. Көзім түсіп кетті. «Ойбай, мына кісінің түрі таныс. Бір жерден көрген сияқтымын» дедім. Сөйтсем, жанымдағы Гауһар «Бұл Нұрқаділов қой. Делегацияның бастығы осы кісі ғой» дейді.

Бұл екінші рет кездесуіміз. Кейін бұл кісі маған сырын ашты ғой. Сонда «Мына қыз алдыма келген жоқ. Көрейін бұл қызды» деп, әдейі қостырған екен», — деді жан сырын ақтарған Мақпал Жүнісова.

Сонымен қатар Мороккодан келгеннен кейін Мақпал Жүнісова бір бөлмелі пәтер алғанын да жасырмай айтып берді.

«Мороккода мені керемет қабылдады. Қаланың мэрі, Мұхтар Масмуни деген кісі Гауһар екеуімізді бастан-аяқ киіндіріп, сыйлықты берді. Біз сұлу болып шыға келдік. Алматыдан барған 45 адамның көзінше «Мына жақтың мэрі бірінші рет көріп тұр. Кім екенімізді де білмейді. Бір рет әнімізді тыңдап, киіндірді. Біз әлі тоғыз жылдан бері жатақханада тұрып жатырмыз. Қаланың басшысына барсаң, «Кейін келесің. Бар» деген сөз естисің. Біздің жақта да осындай мэр болса ғой» деп қалжыңдап айттым ғой.

Зәкең намысшыл ғой. Біреуді шақыртып алды да, елдің көзінше «Барғаннан соң, пәтер берілсін» деп шешім шығарды. Келгеннен кейін үш ай өткенде бізді шақыртып алды. Сөзінде тұрды. Сөзінде тұрғаны құрсын, бір бөлмелі пәтер беріп, артымнан қалмай қойды. Көмекшілерін гүлмен, тәттімен жібереді. «Жігітім бар ғой. Бара алмаймын» деп қайтарып жіберемін. Сөйтіп жүргенде жігітім жоқ боп кетті», — деді Мақпал Жүнісова.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago