Categories: Қоғам

Маңғыстауға келетін туристер саны 6%-ға артты

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевтың айтуынша, 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш сәйкес кезеңмен салыстырғанда 41 мыңға дейін өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстың оңтүстік әрі солтүстігінде туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына баруды жөн санайды. Өңірде 13 мыңнан астам тарихи-мәдени, өлкетану ескерткіші бар. Облыстың солтүстігіндегі туристік орындардың да танымалдығы артып келеді. Мәселен, Таушық ауылының іргесіндегі «Шахта», «Жалбырттың сайы», «Сартас» пен «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жерасты мешіттерін тамашалауға туристердің қызығушылығы мол. 

Маңғыстауда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе солтүстік бағыттағы туристік орындардың ерекше оқиғалары өзіне саяхатшылардың мол қызығушылығын тудырады. Мәселен, Таушық ауылының маңында 1941-43 жылдары 8 шахта жұмыс істеген. Өндірілген көмір «Сартас» теңіз порты арқылы Ресейге соғыс уақытында жөнелтілген. Ал «Жалбырттың сайы»  табиғат қолымен бедерленген тас мүсіндермен ерекшеленеді. «Шақпақ ата» жер асты мешіті тарихи деректерге бай. Көне деректер 14 ғасырда өмір сүрген әулиенің есімі Шахмардан екендігін, жауға шапқанда  найзасынан от шашқандықтан Шақпақ ата деп атанғандығы жөнінде баяндайды,

дейді Мәулен Ғабдулқалиев.

Туристердің түбек табиғатына деген қызығушылығын арттыруда Сартас шығанағы аумағында салынған заманауи үлгідегі «Сартас сапар» орталығының үлесі зор. Сапар-орталық  былтыр тамызда ашылды. Күні бүгінге дейін орталыққа Алматы, Астана қалаларынан 700-ден аса турист саяхаттап келген екен. 

“Түбектің тұмса табиғаты өңір туризмін дамытуда әлеуеті аса зор. Салқар сахара төсінде сейіл құруды аңсаған азаматтар үшін осы орталықты іске қостық. Сапар-орталықта бір мезетте 100 адам тамақтанып, 20 турист қона алады. Алдағы уақытта орталық аумағында  қазақ ауылы  6, 8,16 қанатты барлығы 9 киіз үй тігуді жоспарлап отырмыз. Қазақ халқының мәдениетін, тұрмыс тіршілігін, сонымен қатар гастрономиясымен туристер толық таныса алады. Киіз үйлер мамыр айының соңында дайын болады. Сол кезде бір мезетте 60 адамды қабылдау мүмкін болмақ”,

деді «Сартас сапар» орталығының  директоры Ербол Байжігітов.

Сонымен қатар, кәсіпкер тұрғындардың киелі мекеннің тылсым тарихын зерделеп, түбектің ежелгі Тетис теңізінің табаны болғандығын дәлелдейтін көне деректермен танысса, қасқыр тістерін, Византия елінің теңгелерін көріп, табиғи өнімдердің дәмін татып, таза ауада демалса екен дейді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago