Фото: Ulysmedia.kz
Қарлығаш Сұлтанқызы Маңғыстау облысын Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылы Еміл елдімекенінде тұрады. 73 жастағы қарт ана әлі күнге дейін зейнетке шыға алмай отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлының айтуынша, отбасы 1984 жылы Түрікменстаннан көшіп келген. Өмір бойы жолдасы екеуі Жыңғылды ауылында мал баққан. Қазақстан азаматы. Мал бағып жүрген уақытта құжаттарын жоғалтып алған.
Анамыздың құжаты жоқ, жасы 73-ке келді, зейнетақы әлі алмайды,
дейді ұлы.
Журналист Мадина Жатқанбаеваның айтуынша, жергілікті билік әжеге «құжаттарын жөндеп береміз» деген. Алайда уәде орындалмай келеді. Қарт ананың мемлекеттік органдардағы шенеуніктерге өкпесі қара қазандай.
Ulysmedia.kz-тің хабарлауынша, бүгін ОКҚ алаңында журналистер Қарлығаш Сұлтанқызының мәселесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шенеуніктері алдында көтерген. Министрліктің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов жауап берді.
Айтып отырған жағдайларыңызға қарағанда, жергілікті органдар жұмыс істеген шығар. Фамилиясын, аты-жөнін бәрін жазып алдым. Рұқсат болса, жеке сандық нөмірін берсеңіз. Толық осы кісінің мәселесін зерттеп, жауап беремін,
деді Төлеген Оспанқұлов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…