Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 38 жастағы ер адам үш баласын асып өлтіріп, кейін өзіне қол салғаны туралы жаңалық елді дүр сілкіндірді. Балалардың үлкені 8-де, ал кішісі әлі бір жасқа да толмаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға отбасындағы ұрыс-керіс себеп болған.
Бүгін заңгер Айгүл Орынбек бұл жағдайға елді баспанамен қамтамасыз ете алмай отырған үкіметті кінәлап, Facebook парақшасында пост жазған болатын.
“Бұндай қиыншылықты көргенше, ұрпағыммен кете салғаным дұрыс “,-деп шешім қабылдаған шығар. Кім біледі?! Енді оның бәрі бір Аллаға ғана мәлім.
Жалпы адамды қаралағанға ұстамыз ғой. Бірақ мына оқиға ешкімді ақтауға да келмейді! “Екеуінде де тұрақты жұмыс болған”, деп кімдерді ақтап алғыларың келіп жатыр? Тұрақты жұмысы болған 40-қа жақындаған еркекте неге баспана жоқ? Үш баласымен неге пәтерде өмір сүрген? Отбасылық кикілжің не үшін болған? Әйел не үшін ажырасқысы келген? Бұның бәрін зерттеп, зерделеп жатқан біздің идеологиялық отбасылық институт жоқ!
Мұнайдың үстінде отырып, азғантай ғана халқымызды баспанамен қамтамасыз ете алмай отырмыз! Банктердің жағдайын жасап, оларға жыл сайын миллиардтап қайтарымсыз ақша салғанша, сол миллиартдтарды халықтың есеп шотына салғанда, халық бұлай баспанасыз жүрмес еді! Әрине тұрақты баспанасы жоқ, отбасыда кикілжің, ұрыс керіс болады! Қу қымбатшылық, бәрінің жанына батып барады. Тұрақты жұмыстың бар болғанын қайтеміз, алып отырған айлығы, тамақ пен пәтер ақыға жетпей жатса? Бүгінгі өлім, отыз жыл бойы жүйені шіріткен жемқорлардың мойнында!
Қан жібермейді! Әсіресе жас қан!!! Үкімет ОЯН!», — деп жазды Айгүл Орынбек.
Алайда, көп ұзамай журналист Гүлмира Әбіқай марқұмның әйелінің туыс сіңлісі боламын деген оқырманының хатын жариялады. Хат иесінің айтуынша, бұған ешқандай да үкімет кінәлі емес, марқұмның өзі нашар адам болған.
Ол оқиға ешқандай саясаттың кесірінен болмаған. Менің туған немере сіңлімнің отбасы. Күйеуі нашар адам болған. Ішіп, ұрып, сондай адам болған. Сіңлімнің еріп келген 15 жасар қызы бар, соны зорлап, түрмеген кетпеймін деп өз-өзіне қол жұмсаған. Балаларын сіңлімнен қызғанып, өзімен бірге алып кеткен хайуан. Сіңлімді балаларынан айырып зарлатып кетті. Үлкен қызының да өмірін бұзып кетті
деп жазған әйелінің туыс апайымын деп таныстырған оқырман.
«Астана» телеарнасының журналисі марқұмның көршілерімен сөйлескен. Олардың айтуынша, бұл қарапайым отбасы болған. Ерлі-зайыптылар наубайханада жұмыс істеген.
Балалары, күйеуі, әйелі — көрші ретінде тәп-тәуір адамдар еді. Қайсысы жұмыс істегенін білмеймін, олар көлікпен жүрді. Әрине, бұл мені есеңгіретті,
дейді көршісі Елизавета Музыка.
Полицияға да көршілері хабарласқан. Ол терезеден қозғалыссыз тұрған бейнесін байқаған. Полиция қызметкерлері келген соң әйнекті сындырған. Олар пәтерге кірген соң сегіз және бес жасар мен сегіз айлық сәбидің мәйітін тапқан. Олардың қасында әкесі де асылып тұрған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…