Categories: Қоғам

Маңғыстауда жаппай қырылған қоқиқаздардың өлексесі табылды

Бейнеу ауданы Қызыләскер ауылынан 8 шақырым жерде қоқиқаздардың өлексесі табылды.

Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген әзірге 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денелері құм арасында жатқанын бүгін сол аумақта мал жайып жүрген 7-сынып оқушысы Ғизат Орынбай көріп, видеоға түсіріп алған. Видеоны Маңғыстау аймақтық экологиялық кеңес таратты.

Дәл осындай жағдай тура бір жыл бұрын, 2022 жылдың 24 сәуір күні болған. Ол кезде мамандар құстардың өліміне аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деген пікір айтқан еді.

Соңғы кездері Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, күн желді болып тұрды. Бұл құстардың миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Әзірге қолайсыз ауа райынан, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін деп болжауға болады. Себебі шөлейт бұл аумақта су көздері жоқ. Ендігі жерде ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті сынамалар алынады деп күтеміз,

делінген хабарламада.

Қызғылт қоқиқаздар – жыл құстары. Жазда олар Ақмола облысындағы Қорғалжын қорық аймағын мекен етеді. Ал қыста Ирак немесе Түркіменстанның жылы аймақтарына көшеді. Көктемде және күзде олар Маңғыстау облысында тынығу үшін тоқтайды.

Қызғылт қоқиқаз Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago